Зеренді ауданы әкімшілігінің бастауымен және жастар ресурстық орталығымен бірлесе “Нашақорлыққа жол жоқ” акциясы өтті.
Аталмыш шараға 200-ге жуық оқушылар қатысты. Кездесу барысында белсенді жастар өз сұрақтарын қойды.
Арнайы шақырылған қонақтар: Облыстық Психологиялық Денсаулық Сақтау орталығының меңгерушісі Бекмағамбетова Сұлушаш Капесовна, Реабилитация орталығының психологы Альжанова Айгүл Тулегеновна. Зеренді ауданы полиция бөлімінің бастығы Уәлиев Жасұлан Қылышбекұлы, Зеренді ауданы маслихатының төрайымы Райхан Ғабдуллина, Зеренді аудандық аурухананың басшысы Бутембаев Руслан Дүйсенұлы, Зеренді ауданы бөлім басшысы Динара Шаймерденова, Зеренді ауданы ауруханасының нарколог дәрігері Лаура Тастанова қатысты.
Сондай-ақ, реабилитация орталығының емделген науқастары өзінің өмірбаянымен бөлісіп, қиыншылықтармен кездесу жолдары және емделу барысы бойынша жастармен бөлісіп, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар-деген, пікірлерімен бөлісті.