Пятница, 3 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықЖолшылар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру

Жолшылар арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының алаңында жолшылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша оқыту өткізілді.

«Әділдік жолы» РҚБ филиалының басшысы Ерлаз Жайықбаев «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК филиалының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары және құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары туралы айтып берді.

Жолшылар алдында сөз сөйлеген Ерлаз Жайықбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі жолдары туралы және 1998 жылдан бері осы бағытта қандай парадигматикалық өзгерістер болғандығы туралы айтты.

Ол 2022-2026 жылдарға арналған бекітілген Тұжырымдаманың негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ, жолаушыларға қандай алдын алу және репрессиялық шаралар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа институттары, сыбайлас жемқорлыққа тән тәуекелдер бар екендігі туралы айтылды.

Спикер инфрақұрылым саласының, оның ішінде жол-құрылыс ұйымдарының алдында тұрған негізгі міндеттерге ерекше назар аударды. Ерлаз Жайықбаев жол саласы елдің инфрақұрылымдық дамуында және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды орын алатынын атап өтті.

Өз кезегінде «Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК филиалының директоры Талғат Қайратхан кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қатаң сақталатынын айтты.

Жолшылардың қызметіндегі процестерді цифрландыруға және автоматтандыруға көп көңіл бөлінеді. Оның ішінде қазір сынақ зертханаларында бейнебақылау камералары орнатылған, ал инженерлік құрам заманауи планшеттермен жабдықталған, бұл адами факторды барынша азайтады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Сонымен қатар, негізгі қағидаттар сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік және филиал қызметіндегі ашықтық болып қала береді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...