Бүгін Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды,- деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Үй толығымен ағаш құрылымдардан тұрғызылғандықтан және отқа төзімділіктің 5 дәрежесіне жататындықтан өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындаған болатын. Өрт толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіру кезінде 2 мәйіт табылды. Ақмола облысының ТЖД қаза болғандардың туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Облыстық ТЖ департаменті тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.
— электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
— жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды ұзақ уақыт қыздырмаңыз;
— электр жабдықтары мен электр сымдарының жарамды күйін қадағалаңыз;
— қосылған электр тұрмыстық және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
— ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі.