Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарДәйексөзЕскі кадрмен Жаңа Қазақстан орната алмаймыз

Ескі кадрмен Жаңа Қазақстан орната алмаймыз

Қазақстанда қаржы -қаражат шаш етектен, бірақ оның халыққа жетуі екіталай. Себебі, 30 жылда қалыптасқан, араны ашылып кеткен жемқорлық жүйе өлсе де халыққа қазірдің өзінде бөлініп қойылған 100 млрд. теңгеден өз үлесін алып қалуы керек болғасын берекесін алмай, бергізбейді. Осындай заңда жазылмаған заң, заңнан, Президент шешімінен мықты, жоғары.

Халық ешқашан осы Қазақстан үкіметінен артық – ауыс бір теңге түгілі бір тиын алдыма десейші! Мында заңды бөтен ешкімнің мүддесі жоқ, қарап тұрсаң.  Халық өздеріне бөлініп қойған, дайын ақшаны талап етіп отыр. Ешқандай саяси талап та қойып отырған  жоқ. Жемқорлыққа қарсы күреседі деп қойылған премьер Бектенов бар,  облысты басқарып отырған әкім бар. Неге осы кісілердің құзыреті жүрмей ме? Неге тып – тыныш атқарылмайды, ылғи шу, дау-дамай. Әділетті Қазақстан, адал адам принципін Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауы арқылы ішкі саясаттың өзегі деп жариялағалы қашан. Неге және кім жоқ жерден әлеуметтік жанжал тудырады? Неге барлығын шешуге, өрт сөндіруші сияқты Президент жүгіріп отыруы керек? Мемлекеттің ішкі саясатына саботаж жасап отырған кімдер?

Осының бәрі анықталып, Құлсары халқы әр шаршы метрге 400 мың теңгеден қалайда алуға тиісті. Егер, ол бөлінген ақша қазірдің өзінде ұрланса, оны заң орындары жемқорлардан құстырып өндіріп алуы керек. Цифрлы Қазақстан дейміз. Осы көмек ақша беруді цифрлық технологиямен үлестірсе, адам факторын мүлдем жоққа тән қылып, бәрі орнымен істелер еді ғой. Есебі ашық саитта жария болса. Бітті. Ешкім қыңқ демейді.

Демек, Назарбаев тұсында қалыптасқан саяси басқару жүйесі мен ондағы адамдармен бір оңды іс атқаруға болмайды екен. Білген, түсінген кісіге бұл мемлекеттік басқару ісінің терең дағдарысы деп білген жөн сияқты. Ескі көзқарастағы адамдармен жаңа Қазақстан жасай алмайтын түріміз бар.

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...