Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаДәрігер – мамандықтың асылы!

Дәрігер – мамандықтың асылы!

Мемлекет басшысы өз Жолдауларында «Елімізге еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деп атап өткен болатын.

Қоғамда,  ортамызда өз еңбегімен көпке үлгі боп жүрген жандар аз емес. Мамандыққа деген адалдық тек өз ісін шынайы сүйетін жандардың бойында болатыны хақ.  Еңбек адамының қызметі, тәжірибесі, білімі мен біліктілігі кейінгі жастар үшін бағыт-бағдар болып тұрады. Олар айтпаса да, бар құрметке лайық.

Еңбек адамының мәртебесін арттыру мақсатында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы»  КММ «Еңбек адамы» айдарын бастаған болатын.

Айдарымыздың кезекті кейіпкері — медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген еңбек адамы, өз ісінің білікті маманы, Көкшетау қалалық емханасының ШЖҚ МКК жанындағы Фтизио —  Пульмонологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Тамилям Нурдунқызы Шаяхметова.

Еңбек өтілі 35 жылдан асқан ақ халатты абзал жан  Тамилям Нурдунқызы өз жұмысын адал атқарып отырған тәжірибелі маман. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Фтизиатрмен қатар Пульмонолог қызметін де қатар атқаруда. Бүгінде бөлімшенің басшылық жұмысын тиімді және жоғары деңгейде ұйымдастырып отыр.

«Жұмысымыз оңай емес. Бізге келген адамдар көп үміт артады. Ал біз соны ақтауымыз керек. Дәрігердің ең қуанышты сәті – аурудан емделіп шыққан науқастың алғысын алу. Емхана менің екінші үйім, ал науқастар отбасым», — дейді кейіпкеріміз.

Ел азаматтарының денсаулықтарына қамқорлық жасап жүрген медицина саласының ардагері Тамилям Нурдунқызын және барлық медицина қызметкерлерін өткен кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, қызметтеріне табыс, отбастарына амандық тілейміз!

Айгүл Үстембек,

«Қоғамдық даму орталығы» КММ Ақпараттық – талдау бөлімінің маманы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...