ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылдың І жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысын шығарды. Мемлекеттік аппараттың кадрлық жай күйіне жүргізілген мониторинг нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің 29,3% — 35 жасқа дейінгі жастар. Мемлекеттік қызметшілердің 89,7% жоғары білімге, 16,7% екі не одан артық жоғары білімге ие. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте ғылым кандидаттары, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және шетелдік білім беру түлектері жұмыс істейді.
Гендерлік саясат сәтті жүзеге асырылуда — мемлекеттік қызметшілердің 1913 немесе 65,2% әйелдер. Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 434 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 44,5% құрайды.
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесідей:
— облыс әкімінің орынбасарлары — 0,2%
— қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары — 2%
— аппарат басшылары және олардың орынбасарлары — 3,7%
— облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары — 3,2%
— құрылымдық бөлімшелердің басшылары — 35,9%
— ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары — 10,6%
— дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары — 24,4%
— сектор меңгерушілері — 19,8%
Қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі оң серпінге ие: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша тағайындалған қызметшілердің 78,9% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Мемлекеттік органның ішінде 68 мемлекеттік қызметші ауысу тәртібімен тағайындалды, олардың 45,6% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Бұдан басқа, қатарынан төрт тоқсан ішінде қызметті бағалаудың жақсы нәтижелерін көрсеткен 5 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда мемлекеттік қызмет жүйесінен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 0,6% құрайды.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі