Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері таланттар пулына қабылданды

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектері таланттар пулына қабылданды

Департамент басшысы Думан Әбілев жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің бірнеше түлектерімен кездесу өткізіп, олардың алдағы уақытқа жоспарларын, мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін талқылады. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің бірқатар түлектері бүгінгі таңда мемлекеттік және құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.

Кездесу соңында Думан Әбілев түлектерге таланттар пулына қабылданғанын растайтын сертификаттар табыстады. Бүгінгі күнге дейін 8 түлек таланттар пулына қабылданды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда мектеп түлектері ҚР заңнамасын білуіне және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтуде. Аталған тестілеуден сәтті өткеннен кейін олар таланттар пулына қабылданады.

Қазіргі уақытта тағы бірнеше түлек тестілеуден өтуді жалғастыруда. Олар тестілеуді сәтті өткен жағдайда оларға сертификаттар қосымша табысталатын болады.

Департамент жас мемлекеттік қызметшілер мектебі түлектерінің мемлекеттік қызметке орналасуына мониторинг жүргізуді жалғастырады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Ақмола облысы Шоқан Уәлиханов университетінде жемқорлыққа қарсы мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің алаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа трендтері» тақырыбында дөңгелек үстел...

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...