Среда, 29 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

Ақмола облысында мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Талдаумен Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жүйесінде мүгедектігі бар 65 адам, оның ішінде 13 қызметшінің І және ІІ тобындағы мүгедектігі бар: жергілікті атқарушы органдарда 6, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде 6 және өкілді органдарда 1 қызметші бар екені анықталды. Үш адам басшылық лауазымдарды атқарады.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 1 — бабы 1-тармағының 106) тармақшасына сәйкес мүгедектігі бар адам-тіршілік әрекетінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттілігіне әкеп соғатын ауруларға, мертігулерге (жараларға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзушылықтарға байланысты дене функциялары тұрақты бұзылған денсаулығы бұзылған адам.

Мүгедектігі бар жұмысшылардың еңбегін пайдалану олардың медициналық көрсеткіштерімен шектеледі.

Еңбек кодексінің 143-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің еңбегі осы Кодексте қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен реттеледі.

Еңбек кодексінің 69 – бабының 3-бөлігіне сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді – ол аптасына 36 сағаттан аспайды.

Талдау барысында Департамент жұмыс берушінің көрсетілген тұлғаларға жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын белгілеу мән жайларын анықтау мақсатында жұмыс уақытын есепке алу табелін сұратты.

Деректерді зерделеу қорытындысы бойынша мүгедек адамдардың құқықтарын бұзудың 6 фактісі анықталды, атап айтқанда жұмыс беруші мұндай қызметшілерге қатысты жұмыс уақытының қысқартылған режимін белгілемеген. Осыған байланысты Департамент талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хат енгізді. Департаменттің хаты негізінде аталған адамдарға жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленді.

Ануар Омаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...