Сенбі, Мамыр 4, 2024
16.2 C
Kokshetau
20 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмолалық мемқызметші әйелдердің 21 пайызы басшылық лауазымдарда

Ақмолалық мемқызметші әйелдердің 21 пайызы басшылық лауазымдарда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, облыстың мемлекеттік аппараты кадрларының жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындысы мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетеді.

«Мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары білімге, 17% екі не одан артық жоғары білімге ие. Мемлекеттік қызметтегі орта еңбек өтілі 9 жылдан, лауазымдағы орта еңбек өтілі 4 жылдан асады. Гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда – қызметшілердің 65,3% әйелдер, ал олардың 21% басшылық лауазымдарды иеленеді» – деп Д.Хайруллин хабарлады.

Басшы лауазымдардағы әйелдер саны мынадай: облыстық басқармалар басшылары арасында – 13%, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары арасында – 23%, дербес бөлімдер басшылары арасында – 41%, ауыл әкімдері арасында – 19%.

Өңірдегі мемлекеттік қызметтің беделі артып келеді. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке алғаш рет 420 адам қабылданды, бұл ретте конкурстарға қатысушылар санының 12%-ға артқаны байқалады.

2232 азамат заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтіп, оның 48% шекті мәннен сәтті өтті.

Қызметшілердің мансаптық өсу қарқыны байқалады: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің 80,1% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда жүйеден босатылған адамдардың саны азайып келеді. Қазіргі уақытта таза ауысым деңгейі 3,1% құрайды.

Спикер өз сөзінде мемлекеттік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыстың қорытындыларымен бөлісті.

«Облыста 67 Әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс істейді. Олардың жұмысы тәртіпті қамтамасыз етуге, Әдеп кодексінің нормаларын бұзудың алдын алуға, мүдделер қақтығысын болдырмауға немесе оларды жоюға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Әдеп бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қараумен бүгінгі күні Әдеп жөніндегі кеңес те айналысады. Өткен кезеңде оның отырыстарында 44 мәселе қаралса, оның 66% мемлекеттік қызмет, тәртіптік тәжірибе, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы заңнаманы тәжірибелік тұрғыда іске асыру мәселелері» – деп Д.Хайруллин атап өтті.

Жалпы, Д. Хайруллиннің айтуынша, кадрлық жұмыстың дұрыс механизмі кадрлық тәсілдердің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметшілердің тиімді ортасын құруға мүмкіндік берді.

Жазира ТОҚТАР,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...