Среда, 29 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамТағайындауАқмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін аяқтады.

Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласындағы жеке логистикалық компанияда маман ретінде бастаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ цифрландыру офисінде маман, менеджер, бас менеджер, сервис бойынша басқарушы директор лауазымдарын атқарды.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеген.

«Цифрлық трансформация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директорының орынбасары болды.

Тағайындалғанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сапаны бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.

Ақмола облысының өңірлік кадрлық резервіне енгізілген.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...