Понедельник, 6 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетБіржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйінің сахнасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат Әлмашұлының «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды.

«Тұлпар аунаған жерде түгі қалады», демекші атақты Біржан сал бабамыздың туған жерінде сахналанған қойылымда Біржан салдың тартысқа толы қиын кезеңдегі тағдырын, шоқтығы биік, қайталанбас дара тұлға екендігін, санқырлы таланты мен күрделі күреске толы тағдырын қойылым авторы көркемдеп бейнелесе, режиссер Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сабыралы Байғазы Кемелбайтегі халыққа шебер жеткізіп, көрерменнің жүрегіне жол тартты.

Тарихи драманы Біржан сал атындағы аудандық «Шежіре» халықтық театрының ұжымы жоғары деңгейде сахналаса, Біржан салдың әуезді әнін орындап, рөлін сомдаған Біржан сал ауданы Үлгі ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастырушысы Даулет Мұхтархан көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кететін болсақ, ұлы тұлғамыз Біржан салдың 190 жылдығын мерекелеу аясында, әнші-композитордың өмірі мен шығармашылығын насихаттап, ұрпаққа дәріптеу мақсатында, жыл басынан бастап Ақмола облысында республикалық, облыстық және аудандық деңгейде 500-ге жуық іс-шара өткізілді.

Бүгінгі өткен «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы іс-шара легінің тамаша қорытындысына айналды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...