Вторник, 24 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» қызметін алу мүмкіндігінен айырылған шаруа қожалықтарының құқықтарын қалпына келтірді.

Осылайша, аталған қызмет көрсету қағидаларына сәйкес субсидия алуға өтінім қабылдау 2023 жылғы 1 сәуірден 1 желтоқсанға дейін жүзеге асырылған. Шаруа қожалықтары субсидия алу үшін Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына өз уақытында жүгінген.

«Тексеріс барысында Басқарма қызмет берушілерге өтінімдер дұрыс толтырылмауына байланысты, қызмет көрсету мерзімін бұза отырып, яғни 2023 жылғы 1 желтоқсаннан кейін бас тартқаны анықталды. Сол себепті шаруалар өтінімдерін «Gosagro.kz» субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылған» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-бабына сәйкес әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен қабылданған заңсыз әкімшілік акт, сондай-ақ әкімшілік органның, лауазымды адамның кінәсінен жасалған заңсыз әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік рәсімге қатысушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмейді.

Сондықтан қызмет берушінің өтінімдерді қарау мерзімдерін бұзуы кәсіпкерлер үшін ауыртпалық тудырмауы тиіс.

Осыған орай Департамент Басқармаға субсидия алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде, 178 қызмет алушыға 418 миллион теңге көлемінде субсидия тағайындалды. Қазіргі уақытта шараулардың өтінімдері субсидия төлеу үшін күту парағына енгізілген.

Қызмет алушылардың құқықтарын сақтау мәселесі Департаменттің тұрақты бақылауында.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...