Суббота, 19 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМҚІА Ақмола облыстық департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсанында 315 қызмет алушының құқықтары...

МҚІА Ақмола облыстық департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсанында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.

Осылайша, Департамент 2025 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылау жүргізу нәтижесінде 3314 бұзушылық анықталып, 315 қызмет алушы құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалға, осыған дейін ақпараттық жүйедегі іркілістерге байланысты  «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру» қызметін көрсетуден бас тартылған, 187 өтініш иесіне Департаменттің тексеруінен кейін көлік құралдарына мемлекеттік тіркеу жүргізілді.

Департамент тексерісінің нәтижесінде құқықтары бұзылған 87 азаматқа жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында қызметтер көрсетілді.

41 қызмет алушының құқықтары тексеріссіз, проактивті нысанда, ақпараттық жүйелерге қашықтықтан мониторинг жүргізу арқылы қорғалды. Олардың ішінде жобаларының құны 6,5 миллиардтан асатын  кәсіпкерлік субъектілері бар.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабы негізінде 5 іс қозғалып, олар 275 240 теңге айыппұл көлемінде қысқартылған тәртіпте өндірілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында құқық бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке 16 лауазымды тұлға тартылды, олардың ішінде 9-ы басшы лауазымындағылар .

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...