Понедельник, 21 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша 2025 жылдың І тоқсаны ішінде Департамент өз құзыреті шегінде азаматтардың 67 өтінішін қарады, мемлекеттік органдардың қызметінде 9 тексеріс, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 4 талдау жүргізді, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңестің 1 отырысы ұйымдастырылды.

Департаментпен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 88 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

«Мысалы, 77 қызметшіге оларды үстеме жұмысқа тарту фактілері бойынша демалыс күндері мен сағаттары берілді, тәртіптік жаза қолдану туралы 7 актінің күші жойылды. Бұдан басқа, бір конкурстың қорытындылары жойылды, 27 адамға демалыс шығыстарын уақтылы төлемегені үшін 36 292 теңге мөлшерінде өсімпұл төленді, 54 адамға 2 024 754 теңге сомасында іссапар шығыстары төленді» — деп Думан Әбілев мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қағидалармен белгіленген шектен асырылған мөлшерде  2 974 134 теңгеге іссапар шығындарын төлеудің 157 фактісі анықталды. Қазіргі уақытта ерікті тәртіпті 346 699 теңге қайтарылды, қалған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда.

Тексерістер нәтижелері бойынша 5 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында 7 мәселе қаралды, оның ішінде 5 немесе 71,4% профилактикалық сипаттағы мәселелер, сондай-ақ 2 тәртіптік іс қаралып, оның нәтижесі бойынша 2 қызметші «қатаң сөгіс» және «қызметіне толық сәйкес еместігі» туралы ескерту алды. Сонымен,  Зеренді ауданының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы жүргізуші куәлігінен айырылған бола тұра, көлік жүргізгені үшін «қатаң сөгіс» түріндегі жауапқа тартылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған тізбеге негізсіз қосуы үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі» туралы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 65,3% әйелдер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі...