Суббота, 19 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Оның айтуынша, меритократия қағидаты мемлекеттік қызметті кәсібилендірудегі маңызды құрал болып табылады және осының арқасында өңірде жыл сайын өз жұмысының жетістіктері, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттері арқасында мансаптық ілгерілейтін қызметшілер саны артып келеді.

«Атап айтқанда, 2025 жылдың І тоқсаны ішінде жоғары тұрған лауазымдарға 50 қызметші тағайындалды, оның ішінде ішкі конкурстардың нәтижелері бойынша – 29, ауыстыру тәртібімен – 19, қызметті бағалау нәтижелері бойынша – 2» — деп мәлімдеді Думан Әбілев.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік органдардың кадрлық жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша статистикалық мәліметтер ұсынылды. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарда 2874 қызметкер жұмыс істейді, олардың 34,6%-ы ерлер, 65,3%-ы әйелдер.

35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 28,5% құрайды.

Жоғары білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі 89,2% құрайды, олардың 17,8% екі немесе одан да көп жоғары білім бар. Оның ішінде 84 шетелдік білім иегері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 12 түлегі, 3 «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 4 ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы бар.

Сынақ мерзімі 47 қызметкерге тағайындалды, оның 46-сы тәлімгерлікпен қамтылды. 58 адам қайта даярлаудан, 155 адам біліктілігін арттырудан, 21 адам тағылымдамадан өтті.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 65,3% әйелдер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі...