Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат Кира Евгеньевна Антонюк онлайн режимінде «Бурабай-Курорт» станциясының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Кездесу барысында кандидат аудандық сайлауалды штабтың жұмысы туралы хабардар етті. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттері негізгі сұрауларды көрсетеді, ауданның өзекті мәселелеріне жауаптарды қамтиды. Онда аудан дамуының жеті басым бағыттары айқындалған, олар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға, тарих пен мәдениетті дамытуға бағытталған.
Өз сөзінде Кира Евгеньевна «Nur Otan» партиясының міндеті ауданды өмір сүру үшін жайлы ғана емес, қауіпсіз ету екенін атап өтті. Ол үшін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аудан» бағдарламасы әзірленді.
Онлайн-кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат станция ұжымының ауданды абаттандыру, жолдарды жөндеу және ауыл жастары үшін жұмыс тақырыбына арналған сұрақтарына толық жауап берді.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. Ауданда 17,9 мың жас немесе халықтың жалпы санының 23,8 пайызы тұрады.
Жастармен жұмыс жасауда әлеуметтік лифтілерді құруға, жас отбасылар үшін тұрғын үй, жұмысқа орналасу, білім беру проблемаларын шешуге баса назар аударылатын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй беру, жыл сайын кемінде 2 грант беру арқылы кемінде 75 білікті жас мамандарды тартуға ықпал ететін болады» — деп атап өтті Кира Евгеньевна.
Станция ұжымы ауданның барлық мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясынан кандидаттар үшін дауыс беру керек деген ортақ пікірге келді, бұл шетте қалмайды, белсенді азаматтық ұстаным көрсетеді!
«Nur Otan» партиясының Бурабай ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.