Пятница, 27 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЖарқайыңҚарттарға қамқорлық – ортақ парызымыз!

Қарттарға қамқорлық – ортақ парызымыз!

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық мәслихатына кандидат, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Сағатұлы Балпан сайлауалды үгіт-насихатты бастап кетті.

Халқымыз үлкенге құрмет көрсетуді тәрбиенің негізі деп біліп, қарияның батасын алуды ерекше құрмет тұтқаны белгілі. Бұл бізге қанмен келген қасиет десек, артық айтқандығымыз емес. Иә, «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген. Тәуелсіз еліміздің осыншалықты дамып, әлем елдері арасынан өзінің орнын белгілеп, дамыған 50 елдің қатарына енуіне кешегі өткен бабаларымыз бен бүгін де елдің ортасында жүрген алдыңғы буын ағаларымыздың еңбектері еселі. Осынау елдің тыныштығы мен тұтастығының, бірлігі мен берекесінің сақталуына ардагерлеріміз өз үлестерін қосып келе жатыр.

Халқымыздың игі дәстүрін сақтап, үгіт-насихат жұмысымды ауданның қазыналы қарияларымен дидарласудан бастауды жөн көрдім.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Қазақстан Республикасы темір жол саласының құрметті азаматы Сабырхан Нұрпейісовтың шаңырағына ат басын бұрдым.

Немере, шөберелерін тәрбиелеп отырған алдағы сайлаудың маңыздылығын айтып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының төңірегінде әңгіме өрбіттік.

Үгіт-насихат жұмысымды үлкенге құрмет көрсетуден бастап, ауданның қазыналы қарияларының алдынан өту мақсатында Рымкүл Сәлменқызымен жүздесіп, алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен негізгі міндеттері туралы айтып бердім.

Өмірден тоқығаны мол, көпті көрген дана ана елдегі болып жатқан игі істерден хабардар екенін, мемлекетті дамытуда партияның стратегиялық бағытын қолдайтынын жеткізді.

Әңгіме барысында осы бағыттағы жұмыстарды жемісті жалғастыру үшін бар күш-жігерімді салып, елге қызмет етуді жалғастыратынымды білдірдім.

Үгіт-насихат жұмысымның барысында Жарқайың ауданының құрметті азаматының шаңырағында болып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Зура апаймен әңгіме-дүкен құрдық.

Зура Каироваға алдағы сайлаудың маңыздылығын айтып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен негізгі міндеттеріне шолу жасадым. Өз кезегінде ақ жаулықты ана елдегі болып жатқан игі істерден хабардар екенін, партияның қоғамға пайда тигізу бағытындағы жұмысын қолдайтынын білдірді.

Ақмола облыстық мәслихатына кандидат, Жарқайың ауданының әкімі Балпан Мұрат Сағатұлы сенімді өкілім Ұлболсын Ахметова «Nur Otan» партиясы Жарқайың аудандық филиалының ардагері Мария Андреевна Легкошкурованың үйінде болып қайтты.

Кездесу барысында, екі тарап 10-қаңтарда өтетін сайлау жайында сөйлесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдылығы жайында әңгіме өрбітті.

Мария Андреевна ұзақ жылдар «Nur Otan» партиясының белді мүшесі ретінде қызмет еткен тұлға болғандықтан, әрқашан «Nur Otan» партиясымен бірге және барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

«Мен сіздерді әрқашан қолдап келдім және қолдаймын да. Филиалдың қызметкері ретінде мен сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуының тікелей куәгерімін. Бұл іс-жүзінде орындалып жатқан бағдарлама», — деп атап өтті Мария Андреевна.

Жүздесу сәтінде, Ұлболсын Асқарқызы 10-қаңтарда өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Бүгінгі күні «Nur Otan» 250 филиалы, 4500 бастауыш ұйымы бар партияға айналды. Онымен қоса өкілетті және атқарушы билік тармақтарында да тізгінді берік ұстап келеді. Елдік істердің барлығына белсене араласады. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамаларына әрдайым қызу қолдау білдіріп, идеяларды құлшына іске асырып келеді.

«Nur Otan» нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді.

«Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» дейді халқымыз. Күнімізді шуақты ете түсу үшін елімізді қуатты ету барлығымыздың ортақ парызымыз.

2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық Пандемия біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы-адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан, әлемнің басқа елдері сияқты, ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін, біздің ауданды өмір сүру үшін қауіпсіз және жайлы ету үшін бар күшін салады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз!

Бүгінде халық партиядан – диалог, есеп берушілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сайлауға қарапайым адамдарды ұсыну және олардың бастамаларын ілгерілетуді күтеді. Біз бұл үміттерді ескердік және жүйелі партиялық қайта жүктеуді жүргіземіз. Партия төңірегінде партиялықтар мен жастарды біріктіру жұмыстары күшейтілді.

Партия барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

Біздің өңірді одан әрі дамыту жөніндегі Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды!

Біз біргеміз!

Құрметті жерлестер, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Nur Otan» партиясына қолдау білдіріңіздер.

Алдымызда биік белестер бар. Олардан алқынбай асу, белестерді барлықпай бағындыру – біздің өз қолымызда.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Жарқайың ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...