Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЖарқайыңБизнеске тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз

Бизнеске тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.С Балпан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол «Кристалл» сауда үйінің иесі Виталий Александрович Пасынковпен кездесті. Дүкен иелерімен және келушілерімен кездесуде өңірді дамыту, өзекті мәселелерді шешу жоспарлары туралы айтып берді. Сонымен қатар, қатысушыларды «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын таратып, жарқайыңдықтарды 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

15 желтоқсанда облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұрат Сағатұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Қ Әлжанов «Нұр Отан» аудандық филиалының тұғырнамасында бизнес өкілдерімен кездесті.

Ауданда шағын және орта бизнес ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болады.

Ауданда кәсіпкерлік секторы белсенді дамуда. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны 15% — ға, шағын және орта бизнестің облыстың жалпы өңірлік өніміне үлесі 6% — дан 10% — ға өсті.

Кәсіпкерлерді одан әрі қолдау және қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы:

кредит беру тетіктерін жыл сайын пайдалану

Бизнестің жол картасы 2025 » бағдарламасы шеңберінде»;

жыл сайын 30 мемлекеттік грант бөлу және «Еңбек» бағдарламасы бойынша»;

2025 жылға дейін «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту, өз ісін ашу және кеңейту бойынша 20 жобаны іске асыру жоспарлануда»;

«Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 100 адам;

«қарапайым заттар экономикасын» дамыту бойынша жыл сайын кемінде 2 кәсіпкерлерге жеңілдікті кредиттер беру»;

Бұл шаралар 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 1,5 мың бірлікке дейін (01.01.2020 ж. — 1199 бірлік), ШОБ – та жұмыс істейтіндердің санын – 4,5 мың адамға дейін (2019 ж. — 3,6 мың адам); өнім шығаруды – 20 млрд. теңгеге дейін (2019 ж. — 15,7 млрд. теңге) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында үміткерлер бизнес өкілдеріне 2021 жылдың 10 қаңтарында «Нұр Отан»партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan»партиясының Ақмола облысы Жарқайың ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...