«Nur Otan» партиясының Ақмола облысының мәслихатының депутаттығынан үміткер Қорлан Жаңалыққызы Әлімова, Бурабай ауданы Қарашілік ауылының тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Жалпы «Nur Otan» нақты істін партиясы болып саналатындығын, партияның атқарып жатқан жұмысына тоқталып, қазіргі күні елбасының тапсырмасымен елді-мекендерді гүлдендіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен таныстырып өтті.
Біздің партияның құндылығы — адам, бостандық, заңның үстемдігі, әділеттілік, ынтамақтыстық арқылы болашаққа жол ашу, — деді Қорлан Жаңалыққызы өз сөзінде.
Қарашілік ауылының тұрғындары оның ішінде зейнеткерлер мен жұмысшы қауымының өкілдері ел экономикасын көтеріп нақты батыл қадамға бара білетін «Nur Otan» партиясына дауыс беріп еліміздің одан әрі дамуына үлес қосамыз деп бір ауыздан үміткердің бағдарламасын қолдады.
Жалпы ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда бүгінгі күні медициналық амбулаторияның жоқтығын айтып облыстық мәслихаттан үміткерге сауал жолдады.
Бұл сауалға Қорлан Жаңалыққызы: — «Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағдарламызда айқын әрі нақты жазылған. Кем-кетіктің орның толтырамыз,-деп сенімді түрде жауап берді.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.