Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградАуыл тұрғындары партияны қолдайдындықтарын жеткізді.

Ауыл тұрғындары партияны қолдайдындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ, оқыңыз...

Партия атынан сайланатын Ақмола облыстық маслихаты және аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері аудандағы Мәншүк, Шалқар, Оразақ ауылдық округтерінде сайлаушыларымен кездесті.

Осы орайда Целиноград ауданы Маншүк ауылында Ақмола облыстық сайлауалды штабының мүшесі, облыстық маслихат депутаттығына кандидат «Kazyna SR» ЖШС директоры Сайра Әйтенқызы Матайбаева, Болат Ислямұлы Кудабаев, Целиногад аудандық маслихаты депутаттығына кандидаттар Ғалым Жақсылықұлы Қойлыбаев, Мақсат Ермекбайұлы Рапишев, Архат Арғынұлы Кинеев тұрғындарға үгіт-насихат жүргізіп, жетекші партияның алға қойған мақсаттары жайында айтып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген 7 бағыттың шеңберінде ауданда ірі жобалар атқарылатынын жеткізді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының ауданда нақты жоспарлы жұмыстар атқаратынын және партияның алдағы 5 жылдық жоспарын таныстырып, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын баяндады. Аталған акция күнделікті жалғасын тауып, дәстүрге айналып үлгерген. Сонымен қатар кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындаға басты мақсат — халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатындығын ерекше атап өтті.

Ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерімен, аманаттарымен танысты. Үгіт-насихат кездесуде еңбек ұжымына үміткер сайлауалды бағдарламаның жеті бағытында көрсетілген алдағы оң шешімін табатын міндеттерімен, өңірде қолға алынатын жобалармен де таныстырды. Кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарында ауданның саяси-экономикалық дамуы бойынша барлық сала қамтылғанын ерекше назар аудартты.

Атап айтқанда тұрғындардың қойған сауалдарының бірі жол жөндеу бойынша партияның алдағы 5 жыл ішінде сайлауалды бағдарламада көрсетілген жобалардың кезең-кезеңмен атқарылатындығы айтылды. 2025 жылға дейін 40 мың тұрғынды қамтитын 25 ауылда ауыл іші жолдары жөнделеді. Алдағы 2021 жылы Қосшы, Қоянды, Талапкер, Тайтөбе, Қараөткел, Өтеміс ауылдары жолдары. 2022 жылы Қаражар, Жаңажол, Қажымұқан, Ы.Алтансарин, Қызылсуат ауылдары, 2023 жылы Аққайың ауылы. 2024 жылы Раздольное, Ақмол, Қызылжар, Арайлы ауылдары, 2025 жылы Р. Қошқарбаев, Софиевка ауылдары бойынша жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Аталмыш шаралар 2025 жылға дейін жолдардың сапасын арттыру, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға қарай 23,5% — дан 79,9% — ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.


«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, жобаларға кепілдік беру және грант ұсыну, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын мемлекеттік грант, микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 13 жаңа бизнес — жобаны несилеу мақұлданғаны сынды маңызды бағыттар қарастырылғанын атап өтіп, кандидат тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар қай сала болмасын тұрғындарға кандидаттар олардың сауалдары әрқашан партияның назарында екендігін партияның алға қойған міндеттері халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын айтты. Осы орайда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында барлық саланы қамтамасыз ету міндеттері қойылып отыр. Әлеуметтік салаларға қатысты өзекті мәселелер «Nur Otan» партиясының назарынан да тыс қалмайтынын кандидаттар да ерекше атап өтті.

Бағдарламада белгіленген 7 бағыттың жүзеге асырылуы жолында Целиноград аудандық маслихат депутаттығына кандидат Г.Ж.Қойлыбаев «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылатын жұмыстар сан алуан екендігін ескеріп өтті.
Кандидаттар ауыл тұрғындарының сұрақтары мен тілектерін жазып алды.

Целиноград үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Маншүк ауылында өткен үгіт-насихат кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды алдағы жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...