Четверг, 2 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЕгіндікөл"Nur Otan " партиясы- халқымыздың бірлігі үшін

«Nur Otan » партиясы- халқымыздың бірлігі үшін

Сондай-ақ, оқыңыз...

Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім-Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы.
Егіндікөл ауданында 18-ден астам ұлт өкілдері өмір сүреді.

11 мәдениет ұйымы халықтың, бірінші кезекте балалар мен жастардың, зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру және өткізу үшін тартымды орынға айналды. Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында жөндеуден өткен ауданның басты мәдениет ошағы – Егіндікөл ауылының Мәдениет үйі, мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған Жатақхана өз есігін ашты. Егіндікөл ауылында жаңа заманауи дене шынықтыру – сауықтыру кешені спортшыларын қабылдауға дайын.

Ауданның мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бегіндік Әбілов: «Nur Otan» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыруға, түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуге ықпал етеді отбасының рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды нығайту, Егіндікөл ауданының көрнекті тумаларының мұрасын танымал ету, ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды жалғастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, мемлекеттік тілді танымал ету, қолдану аясын кеңейту, Қазақстан халқының тілдерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға ықпал ететіндігін айтты.

Бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту бойынша этномәдени және діни бірлестіктерге белсенді қолдауды жалғастыру жоспарлануда. Ауданның киелі және айтулы жерлеріне өлкетану экспедициялары, киелі орындарын абаттандыру жалғастырылады: Бектемір Суфудың ежелгі кесенесі, Буревестник ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан қорған.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бегіндік Әбілов кездесуге қатысушыларға 10 — қаңтарда сайлау күні өзінің сайлау учаскесіне келіп, «Nur Otan»партиясына өз дауысын беру туралы өтініш білдірді.

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...