Жексенбі, Сәуір 28, 2024
16.8 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасар«Nur Otan» партиясының мақсаты – адам өмірінің сапасын арттыру

«Nur Otan» партиясының мақсаты – адам өмірінің сапасын арттыру

«Nur Otan» партиясының аумақтық филиалында аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер Атбасар аудандық көпсалалы мамандандырылған ауруханасының өкілдерімен кездесті. Бүгінде еліміздің басты партиясынан нақты істер мен жаңа бастамалар күтілуде. «Nur Otan»-ның басты мақсаты – аудан халқының өмір сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру.

Аурухана қызметкерлері алдында аудандық емхана меңгерушісі С.Молодикова «Nur Otan» партиясының саулауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Соның ішінде «Әлеуметтік-бағытталған» аудан басымдығы жайлы тәптіштеп айтып берді. Партия бар күшін аудан халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, сапалы білімге, медицинаға және әлеуметтік қызметке қол жеткізуге жұмсауда.

Осы ретте ана мен бала өлімін болдырмау, түрлі қауіпті ауруларды алдын алу үшін жыл сайын скрининг жасауды мақсат етеді. Емхананың жөндеу жұмысы, аурухананың ас дайындау блогын, кір жуу орнының, негізгі корпустың қас бетін күрделі жөндеуден өткізу – партилықтардың назарында тұр. «Nur Otan» партиясы коронавируспен күресті күшейтуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуге, медицина кадрларын тартуға әрекет етеді.

Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер М.Токарев «Nur Otan»  партиясы аудан жастарының мәселесіне көңіл бөлуде. Жастар – ел болашағы. Партия жастармен жұмыс істей отырып, «7-20-25» бағдарламасы бойынша жас отбасылардың баспана мәселесін шешуге, жұмысқа орналастыруға, білім алуға мүмкіндік жасауда.

Депутттыққа үміткер Р.Зараховтың айтуынша, келесі жылы 12 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүзеге аспақ. Оның ішінде Ақан Құрманов көшесі де жөндеу көреді. Атбасар ауданы – әрбір тұрғын үшін қауіпсіз аудан болуы тиіс. Осы мақсатта аудан көшелеріне бес жаңа бейнекамералар қойылды. Жабай өзенінің түбін тазалау, көктемгі су тасқынынан қорғау үшін қорғаныс дамбаларын салу жоспарланған.

Қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетеміз! «Nur Otan»-ға дауыс бер!

«Nur Otan» партиясы Сайлау қорының Ақмола облысы Атбасар ауданы қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...