Жексенбі, Мамыр 5, 2024
0.9 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары туралы айтылды

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллалары туралы айтылды

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Antikor ortalyǵy» алаңында онлайн-брифинг өткізді.

Брифинг барысында спикер Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы айтып берді.

Заңмен Мемлекет басшысының биыл 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалары іске асырылды.

Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. әлеуметтік Бұған әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттары, сондай-ақ ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты ерекшелік болып табылады», – деп айтып кетті Департамент басшысы.

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне (қоныс-колонияларға) жіберу мүмкіндігін тоқтату. Енді парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар – жазасын өтеуге орташа қауіпсіз мекемелерге, ал аса ірі мөлшерде пара алған немесе берген адамдар – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерге жіберілетін болады. Осылайша, мұндай санаттағы адамдар үшін барынша қолайлы жағдайда жазасын өтеуге құқықтық тосқауыл қойылды. Енді олар қоныс-колонияға ауысу үшін үлгілі тәртіп көрсетіп, залалды өтеп қана қоймай, тағайындалған жазаның бір бөлігін түзеу мекемелерінде өтеуі тиіс.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жазаны күшейту Заңға үшінші өзгеріс болды. Енді Заңмен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін оларға санкциялар мен құқықтық салдарлар айтарлықтай күшейтілді. Енді құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның қарапайым пара, яғни 50 АЕК-тен кем пара алуы бұрынғыдай ауырлығы орташа емес, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады», – деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылды.

Сондай-ақ, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы мемлекеттік қызметшілерге, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салу енгізілгенін түсіндірді. Енді мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде оларға шетелдік шоттарын жабуға 6 ай берілетін болады. Жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге келсек, оларға да Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай беріледі. Мемлекеттік қызметшілердің шетелде жұмыс істеген, оқыған, тағылымдамадан өткен, іссапарға барған, емделген немесе кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі ретінде шетелде болған кездері ғана ерекшелік болып табылады. Егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жапқысы келмесе және мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы.

«Осы заңнамалық нормаларды қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға елеулі үлес қосады», – деп қорытындылады спикер.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...