Бүгін облыстық және аудандық маслихат кандидаттар ауған соғысы және Чернобль ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесу барысында облыстық маслихат депутаттығына кандидат Ольга Анатольевна Баранова сайлауалды бағдарламада көрсетілген аудандағы білім саласы бойынша алдағы уақытта қолға алынатын шаралар жөнінде айтып өтті.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауданда дамудың маңызды шартының бірі сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатындығы белгілеген. Бүгінгі күні ауданда 90 мектепке дейінгі ұйым, 45 мектеп, 1 Агротехникалық колледж бар. COVID-19 пандемиясы білім беру саласына да ықпал етті. 2020 жылы коронавирустың таралуымен күрес бойынша мектеп оқушылары және ЖОО студенттері және техникалық-кәсіби білім беру студенттері қашықтықтан оқытуға көшті.
Аудандағы бала саны 300-ге дейінгі мектептерде дәстүрлі форматта кезекші сыныптар санитарлық-эпидемиологиялыұ талаптар,а сай жұмыс атқаруда. Аудандағы білім саласы бойынша «Nur Otan» партиясы келесі міндеттер қойып отырғаны да кездесушілерге жеткізілді. Атап айтқанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 80%-ға дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар бағдарламада көрсетілген 2021 жылдан 2025 жылға дейін 1 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту көзделген.
Кездесу барысында аудандық маслихат депутаттығына кандидат М.Қ. Досхожин денсаулық саласында партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген ауданда жоспарланған жобаларды айтып өтті. COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесінде күрделі сынақ болғанын айта келе, негізгі басымдылық — денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайтуға бағытталады деді.
Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңіндегі алынған тәжірибелер жұмыста қолданылатын болады. Эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде «Nur Otan» партиясы коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтуге жәрдемдеседі.
Осы орайда ауданның медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту (ӨЖЖ аппараттарымен, компьютерлік томографтармен, оттегі концентраторларымен, оттегі баллондарымен және т. б. жарақтандыру) қолға алынады. Мамандандырылған медицина кадрларын (эпидемиологтар, анестезиологтар, реаниматологтар, инфекционистер, орта медицина персоналы және т. б.) тарту, медициналық ұйымдар және дәріхана желісінде үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етумен қатар 2025 жылға дейін 50 медицина қызметкерін, оның ішінде 25 дәрігер тарту.
Партияның ықпалымен ауданда денсаулық сақтау саласында да тың жобалар жүзеге асырылады. 2025 жылға дейін 3 ауылда (Жарлыкөл, Жалғызқұдық және Нұресіл ауылдары) медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткізіледі. Нұресіл, Қабанбай батыр, Арайлы, Жаңаесіл, Оразақ, Родина, Қараөткел, Жалғызқұдық, Софиевка, Талапкер, Қоянды және Мәншүк ауылдарында 11 медициналық пункт үшін 11 бірлік санитарлық автокөлік сатып алуға жәрдемдесу де қамтылған.
Кездесуде аудандық маслихат депутаттығына кандидат А.Ш. Қапанов ауданда бағалар мен тарифтерді ұстап тұруды қамтамасыз ету мақсатында партияның ықпалын айтып өтті.
Кандидат Амангелді Шаукенұлы Қапанов партия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу міндеті қойылып отырғанын жеткізе келе, жыл сайын кемінде 50 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу, жыл сайын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және көтерме жеткізушілермен 100% меморандумдар жасасуды қамтамасыз ету, жыл сайын ауданның сауда нүктелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша штабтардың кемінде 12 отырысын өткізу, коммуналдық кәсіпорындардың шығындарын талдауды ескере отырып, коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруін қоғамдық талқылауға қол жеткізу көзделгенін кеңінен түсіндіріп өтті.
Партияның ықпалымен ауданда тың жобалар қолға алынып, халықтың әл-ауқатын жақсартуда сайлауалды бағдарламада шешімін табар игі істер күтіп тұрғанын қатысушыларға жеткізген кандидаттар алдағы сайлау науқанында партияны қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.