Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанЕлордадан Шымкентке бара жатқан автобустағы 37 жолаушы жолда қалып қойды

Елордадан Шымкентке бара жатқан автобустағы 37 жолаушы жолда қалып қойды

Бүгін қызылордалық құтқарушылар «Қызылорда-Жезқазған» жолының бойында күн суықта бұзылып қалған автобустың 37 жолаушысына қол ұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне сағат 15.22-де хабар келіп түсті.

Онда «Қызылорда-Жезқазған» жолының 135 шақырымында «Setra» жолаушылар автобусы бұзылып қалғаны айтылған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар саласы мамандары жедел жетті. Автобуста барлығы 37 жолаушы бар екені анықталды. Жолаушылар көлігінің Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке бет алғаны белгілі болды.

«Барлық жолаушы құтқарылды. Бұзылып қалған автобус «КаМАЗ» көлігімен Қызылорда қаласына дейін жеткізілді. Жолаушылар одан әрі Шымкенттен келген өзге автобуспен межелі жеріне жететін болды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын да Нұр-Сұлтаннан шыққан жолаушылар автобусы Қызылорда трассасында тұрып қалған болатын.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/elordadan-shymkentke-bara-zhatkan-avtobustagy-37-zholaushy-zholda-kalyp-koydy_a3735136

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...