Жұма, Мамыр 3, 2024
1.9 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында «Құлагер» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ақмола облысында «Құлагер» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысында ақындар, прозашылар және шығармашылықпен айналысатын азаматтар  арасында өткен «Құлагер» байқауының жеңімпаздары мен лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Шарада аймақ басшысы  Ермек Маржықпаевтың атынан облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға ақшалай сертификат тапсырды.

«Облыс әрқашан да таланттарға кенде болған емес. Биылғы жылы өңірімізде әдебиет және өнер шеберлері қазақстандық руханиятқа өлшеусіз үлес қосты. Байқау жарияланған сәттен бастап бүгінгі күнге 700-ден астам өтінім келіп түсті. Он аталымның әрқайсысы бойынша жеңімпаз анықталды. Болашақта осындай шығармашылық жарыстарды көбірек өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Айна Мысырәлімова.

Байқау ерекше еңбектерін ынталандыруға және тануға, өңірдің әдебиеті мен мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан шығармашылық адамдар мен ғылыми зиялы қауымға, сондай-ақ олардың жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметіне, облыстың мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін және шығармашылықтың барлық жанрлары мен бағыттарында жоғары көркем туындылар жасағаны үшін қолдау көрсетуге бағытталған.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...