Сенбі, Мамыр 4, 2024
6.9 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБұландыСайлаушылардың аманаты – міндеттерді орындау

Сайлаушылардың аманаты – міндеттерді орындау

Бұланды аудандық мәслихатқа «Nur Otan» партиясынан үміткер Шахман Құсайынов және аудандық сайлауалды штабының төрайымы Раушан Хожабай Қараөзек ауылына атбасын тіреп, тұрғындармен жақсы әңгіме-сұхбат құрып, ауылға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді тілге тиек етті.

Қуантарлық жағдай – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген күрделі жөндеу өткізілетін мектептердің ішінде Қараөзек орта мектебі де бар. Әрине, бұл жоспар ойдағыдай іске асып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?

Аты айтып тұрғандай ауыл бүгіндері қарапайым, еңбекқор, болашаққа үмітпен қарайтын шүкіршіл хаықтың бірлігі мен ұйымшылдылығының өзегіне айналып тұрғандай, сонымен қатар өзекті мәселер де баршылық. Олардың бірі – жайылымдылық жерлердің тапшылығы. Дегенмен, қиындықтарға төтеп бере алатын ауыл тұрғындары аянбай еңбектеніп, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, жеке кәсіпкерлікті немесе қосалқы шаруашылықты дамытуға грант және пайызы төмен несие алуда. Ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жасалатын көмек – «Nur Otan» партиясының сындарлы саясатының маңызды бір бөлігі екенін де атап өткен жөн.

Қараөзек ауылы аудан орталығына ең жақын орналасқандықтан, жергілікті тұрғындар ауданның әлеуметтік-қоғамдық өміріне етене араласып, үнемі белсенділігін танытып келетіні жасырын емес. Соңғы екі жылда ауыл халқының басым көпшілігі Макинск қаласында және көршілес Байсуат ауылында ашылған Макинск құс фабрикасының өндірістік объектілеріне тұрақты жұмысқа кіріп, материалдық жағдайын жақсартып келеді. Мемлекеттік «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша да ауылға жастар тартылып, жергілікті мектепке және медициналық мекемесінде аталмыш жобаның қатысушылары бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүр.

Ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимараты ескі болғандықтан, осыдан үш жыл бұрын жаңа стандарттарға сай, заманауи ғимарат бой көтеріп, қазір ауылдың сәнін келтіріп тұр. Бұл жерде жергілікті халық тиісті ем-домым алып, медициналық қызметкерлердің толық бақылауында жүреді.

Кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, сайлаушылардың аманатын да назарға алды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйініне айналған негізгі ой – халықтың жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді, ал әрі қарай серпінді даму, алға қойылған міндеттерді орындау үшін бізге бірлік пен ынтымақ қажет. Барымызды бағалау – үлкен жетіктік, ал елім деп еміренген, жерім деп тебіренген әрбір қазақстандық үшін «Nur Otan» партиясы нақты істер бағдарламасын ұсынып отыр.

Кандидаттар тарапынан жүргізіп жатқан үгіт-насихат жұмысы медициналық мекемесінде жалғасын тауып, әрі қарай Қараөзек ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауылдың құрметті тұрғыны, аудандық Билер кеңесінің мүшесі Кеңес Молдабаұлымен кездесуге ұласты. Партия белсенділердің оң сапарын қараөзектіктер барынша қолдап, елімізде жасалып жатқан игі істер – дұрыс саясаттың, сауатты бағдарлаудың нәтижесі деп, алдағы сайлауда «Nur Otan»-ға лайықты жеңіс тіледі.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...