Пятница, 27 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыКөкшетауда ветеринарлық инспектор пара алды деген күдікке ілінді

Көкшетауда ветеринарлық инспектор пара алды деген күдікке ілінді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының өкілдерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Көкшетау қаласының мемлекеттік санитариялық инспекторларының біріне қатысты қылмыстық іс аясында ҚР ҚПК 200-бабының тәртібінде енгізілген ұсынуды қарады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында мемлекеттік қызметші міндетті тауарға ілеспе және рұқсат беру құжаттамасынсыз базар аумағында етті кедергісіз сатқаны үшін кәсіпкерден пара алғаны анықталды.

Жоғары тұрған басшылықтың тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, ветеринария саласындағы заңнаманың және басқа да нормативтік актілердің талаптарын толық елемеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің болмауы осы сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал етті.

Айта кету керек, жақында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының, сондай-ақ Көкшетау және Степногорск қалалық ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекцияларының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер шеңберінде ұсынулар қаралды.

Кездесу барысында аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев мемлекеттік қызметшілерге өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы қол қойған қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы айтып берді.

«Енді ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды. Сондай-ақ, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару мекемелерінде сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандар үшін бірден жазасын өтеу мүмкіндігі алынып тасталды. Сонымен қатар, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдар үшін жемқорлық үшін жаза күшейтілді. Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігін де еске саламын. Өздеріңіз көріп отырғандай, Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін заңнамалық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимылды күшейту бойынша пәрменді шаралар қабылдануда, сондықтан ветеринариялық бақылау қызметтерінің басшылығын өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмысты мүлтіксіз қамтамасыз етуге шақырамын», — деді Мұрат Төлеубаев.

Динара НҰРТАЗ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимы агенттігі

Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...