Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
15.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыАқмола облысында пара бергені үшін жазаны күшейту туралы брифинг өтті

Ақмола облысында пара бергені үшін жазаны күшейту туралы брифинг өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша
департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен брифинг
барысында пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ бизнеске заңсыз
араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы айтты.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы лауазымды тұлғаларды
параға сатып алумен әдейі айналысатындар да, заңсыз сыйақы беру кезінде делдал ретінде
әрекет ететіндер де елеулі қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Мемлекет
басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда қылмыстық процесте азаматтардың
құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері
заңнамасына тиісті түзетулер енгізілді. Пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарды
тиісті құқықтық салдарлар күтеді – шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу
және ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазаны бірден өтей алмау.

«Пара беру сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп таралған түрлерінің бірі
болып табылады, тек соңғы 2 жылда облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
осындай 63 фактіні анықтады. Айта кету керек, бас бостандығынан айыру мерзімі ғана емес,
пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін бірнеше айыппұл мөлшері де өсті. Бұл
тәсіл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн. Сондықтан мен
азаматтарды заңсыз сыйақы төлеу арқылы мәселелерді шешпеуге тағы да шақырғым келеді,
өйткені бұл үшін қатаң қылмыстық шаралар қарастырылған», – деді Мұрат Төлеубаев.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік
қызметке кез келген заңсыз араласуы мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы
тиіс екенін атап өтті. Осы тұрғыда, өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік
Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «PBI» бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасын іске
асыруда.

«Қазіргі уақытта облыста инвестицияның жалпы сомасы 169 млрд. тенге асатын
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің 67 бизнес-жобасы бар. Сондай-ақ, соңғы 2 жыл
ішінде Департамент бизнес жұмысына әртүрлі құқыққа қарсы араласудың 35 фактісін
анықтады. Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, енді құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің тарапынан бизнес істеріне заңсыз араласқаны үшін бас бостандығынан
айыру мерзімі 2 жылдың орнына 5 жылға дейін ұзартылды.

Ал құқық қорғау органдары мен судьялардың басшылығы үшін осындай әрекеттер үшін одан да қатаң жаза белгіленді – 8
жылға дейін бас бостандығынан айыру», – деді спикер.
Департамент басшысы Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске
асыру үшін заңнамалық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту
бойынша пәрменді шаралар қабылданып жатқанын, бұл қоғамдағы осы әлеуметтік
зұлымдықты жоюдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін қорытындылады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...