Жұма, Мамыр 3, 2024
1.9 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарҚазақстанҚазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 29-орын алды 

Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 29-орын алды 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» форумының ашылуына қатысты.

Форум ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дүниежүзілік экономикалық форум президенті Берге Бренденің бейне үндеулерінен басталды. Онлайн режимінде Google-дің вице-президенті Винт Серф сөз сөйледі.

Форумның пленарлық сессиясына Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қырғызстан Премьер-Министрі Улукбек Марипов, Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қатысты.

Форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсеткенін, бұл едәуір дәрежеде мемлекеттік және жекеменшік секторлардың барлық салаларына цифрлық шешімдердің енгізілуінің өсуімен байланысты екенін атап өтті.

«Айқын шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру жұмысын жеделдеттік. 2020 жылы 20 мың талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы бойынша МЖӘ жобасы аяқталды. 1 000-нан астам мобильді байланыстың базалық станциясы орнатылды, бұл өңірлердегі технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде Қазақстан халқын интернетпен қамту бүгінде 99%-ды құрайды», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы ҚР азаматтары үшін тұлға биометриясы бойынша қашықтан сәйкестендіру арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті. Жиынтықты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрлық әкімшілендіруге және әлеуметтік төлемдерге онлайн тәсілдер қолдану секілді жобалар белсенді енгізілуде. Онлайн форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93%-ға дейін жеткізілді.

Соның нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстан электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 10 позицияға көтеріліп, 193 елдің арасында 29-орынға ие болды. Бөлшек сауда құрылымындағы электрондық сауда көлемі өткен жылы 3 есеге жуық – 3,8%-дан 9,7%-ға дейін өсті. Халықтың қолма-қол ақшасыз операцияларының көлемі 2,5 есеге, 14,1 трлн теңгеден 35,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды мемлекетімізді тиімді цифрландыру жылы деп өткізуді тапсырды. Қазірдің өзінде біз «ауқымды деректер» қағидаттарын мемлекеттік органдардың жұмысына терең интеграциялау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. «Data-driven government» тұжырымдамасы шеңберінде деректерді жинау және өңдеу әзірлеуден бастап, тиімділік мониторинг жүргізуге дейінгі барлық кезеңдерде мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың факторына айналады», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалары 5G жабынымен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Деректерді өңдеу және сақтау саласына инвестициялар 6 есеге артады (82 млрд теңгеден 500 млрд теңгеге дейін). Электрондық сауданың үлесі 2 есе ұлғайтылатын болады.

«Цифрлық салада бизнесті қолдау шараларының арқасында 1000-нан астам инновациялық компания құрылады, бұл АКТ экспорты көлемінің 25 еседен астам өсуіне әкеледі. АT-саласында шамамен 100 мың жаңа жұмыс орны құрылады, бұл сыни массаны қалыптастыруға және экономиканың барлық салаларында мультипликативтік әсерді іске қосуға көмектеседі», — деді А. Мамин.

Форумға қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді көрсету, фискалдық деректерді сараптау, сондай-ақ қаржы-банк және телекоммуникация салаларындағы цифрлық жобалар көрмесімен танысты.

Дереккөз: primeminister.kz

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...