Четверг, 30 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградСу тасқыны қаупі бар аймақтарға тікұшақпен шолу жасалды

Су тасқыны қаупі бар аймақтарға тікұшақпен шолу жасалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында а.ж 11 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы және ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев ҚР ТЖМ министрі Юрий Ильиннің тапсырмасы бойынша облыстың Целиноград және Аршалы аудандарының су тасқыны қаупі бар аймақтарына тікұшақпен әуеден шолу жасады.

Аталған өңірлердің су тасқыны қаупі бар учаскелерін ұшып өту ағымдағы су тасқыны жағдайының жалпы көрінісін бағалау, қар жамылғысының болуы мен түсуіне мониторинг жүргізу, сондай-ақ еріген судың қозғалысы, жиналу учаскелері мен орындарын және олардан елді мекендерге ықтимал қауіп-қатерді айқындау мақсатында жүргізілді.

Ұшу барысында Астана су қоймасына, Батпақкөл көлінің бөгетіне, Бірсуат су қоймасына, Преображенск су торабына және іргелес аумаққа су жинау алаңындағы қар қоры мәніне, сондай-ақ оларда еріген суды қабылдау үшін жеткілікті бос көлемдердің болуына аэровизуалды тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта Целиноград және Аршалы аудандарында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Ұшу қорытындысы бойынша 70 % — ға және 40 км радиуста 90 % — ға қар жамылғысы орнатылды. Өзен арналарында сең жүрісіне өтудің қалыптасуымен өзендерді ашудың бастапқы кезеңі басталады, еріген сулардың жиналу учаскелері анықталды.

Ақмола облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғаудың қатаң бақылауында.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...