Бүгін, 2021 жылғы 20 сәуір күні Көкшетау қаласының Застанционный кенті, Матросов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шықты, өртті сөндіру кезінде 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өрттің себебін анықтау үшін өрт-техникалық тергеу тағайындалды, марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Айта кету керек, Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыс аясында ағымдағы жылдың 22 ақпан күні қайтыс болған адаммен күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткізілген.
Екінші өрт кеше түнде, 2021 жылы 19 сәуірде Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы күзет вагонында орын алды. Оқиға орнына дереу 2 бірлік техника мен 11 жеке құрам көлемінде өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді.Өрт орнынан 1955 жылы туылған күзетшінің денесі табылды. Өрттің себебін анықтау үшін өрт-техникалық тергеу тағайындалды, марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Ақмола облысының ТЖМ көп жағдайда өрт – адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және немқұрайлылық салдарынан болатынын еске салады. Өрттің негізгі себептері күнделікті өмірде, ең алдымен, отқа ұқыпсыз қарау (оның ішінде темекі шегу кезінде), электр жабдығының дұрыс жұмыс істемеуі, пештер мен тұрмыстық электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы aqmola_tjd парағымыздан біле аласыз.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.