Суббота, 21 декабря, 2024
ЖаңалықтарӘлемҮндістанда коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші рекорд орнатуда

Үндістанда коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші рекорд орнатуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ресми мәлімет бойынша, өткен 24 сағатта Үндістанда коронавирустан 3689 адам көз жұмды. Бұл, пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Үндістанда коронавирус індетін жұқтырудың жаңадан 400 мыңнан астам жағдайы анықталды. Бір тәуліктік мұндай көрсеткіш өзге ешбір елде тіркелген жоқ.

Сырқаттанудың күрт артуына елдің денсаулық сақтау жүйесі дайын болмай шықты. Ауруханалар стационарлық емді қажет ететін барлық науқасты қабылдай алмай жатыр. Сондай-ақ елде медициналық оттегі тапшылығы бар.

Үндістанда қазір не болып жатыр?

Пандемия басталғалы Үндістанда коронавирустың 19 миллионнан астам оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткішпен АҚШ-тан кейін әлемде екінші орында тұр. Індеттен 215 мың адам қайтыс болғаны зертханалық расталды.

Дегенмен, сарапшылардың пайымынша, тестілердің жетіспеушілігінен шынайы көрсеткіш ресми мәліметтерден алшақ және жоғары болуы ықтимал.

Сарапшылардың айтуынша, көптеген адамның, әсіресе ауыл тұрғындарының медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндігі жоқ және олар үйлерінде емделуде. Сондай-ақ мамандардың сөзіне қарағанда, ауылдар мен шағын қалаларда коронавирустан болып жатқан өлім-жітім ресми деректерге енбей қалып жатыр.

Үндістанда вакцинация қарқыны қандай?

Теория жүзінде Үндістанның әрбір ересек тұрғыны вакцинациядан өте алады. Алайда, өткен сенбі күні бастау алған егу кампаниясына басталмай жатып тоқтау қаупі туындады: бірнеше штат 18-44 жас аралығындағы халықты егу үшін вакцинаның қажетті дозасы жеткіліксіз екендігін мәлімдеді.

Үндістан территориясында коронавирусқа қарсы ойлап табылған барлық вакцинаның көп бөлігі өндіріліп жатқанына қарамастан, елде егу кампаниясын шұғыл ұйымдастыруға дозалардың қажетті көлемі жоқ. Осыған орай Үндістан AstraZeneca вакцинасын экспорттауды уақытша тоқтатты.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 мамырға дейін вакцинаның 1-компонентін небәрі 84 599 адам алған. Үндістан екі вакцинаны қолдануда – Оксфордтың AstraZeneca (Үндістан оны Covishield деп атайды) және Үндістанның Bharat Biotech компаниясы өндірген – Covaxin. Ресейдің Sputnik V вакцинасы да мақұлдау алды. Sputnik V препаратының алғашқы 150 мың дозасы өткен сенбіде елге жеткізілді.

Үндістанға көмектесу үшін өзге елдердің әрекеті қандай?

Көптеген елдер Үндістанға көмегін жолдады және әлі де жіберіп жатыр. 29 сәуірдегі мәліметкен сәйкес, дәрі-дәрмек пен медициналық техника жіберген елдер саны 40-қа жуық болды. АҚШ-тан бірнеше ұшақ келді. Олар медициналық оттегі, гигиеналық маскалар және коронавирусқа экспресс-тестер жөнелткен.

Сенбі күні Германияның әскери-көліктік ұшағы Үндістанға өкпені жасанды желдетуге арналған 120 аппарат алып келді. Ұлыбритания да түрлі медициналық құралдар жіберген.

Үндістан неліктен локдаун енгізбейді?

Үндістан билігі елдің бүтін аумағында қатаң локдаун енгізуді соңғы шара ретінде қарастырып отыр. Ел Үкіметі экономикалық ахуал одан әрі ушығып кететініне қауіптенеді. Өткен жылы сәуір-маусым аралығында карантиндік шектеулердің енгізілуінен елдің Жалпы ішкі өнімі 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24% төмендеп кеткен. Дегенмен, елдің жекелеген өңірінде қатаң карантиндік шаралар енгізілген.

Мәселен, Делиде, Махараштра, Карнатака, Батыс Бенгалия және Одиша штаттарында. Бірқатар өңірде, соның ішінде халық көп қоныстанған Уттар-Прадеш штатында конменданттық сағат және демалыс күндері локдаун бар. Indian Express газетінің жазуынша, коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі жұмыс тобы індетті ауыздықтау үшін жалпыұлттық локдаун енгізуді ұсынып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...