Облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Ақмола облысында күн жылынғаннан бері 50 адамды кене шақты, оның 14 балалар арасында.
Өткен аптада 42 адам (оның 10 бала) медициналық ұйымға көмек сұрап жүгінді. Кене шағу жағдайы Сандықтау, Зеренді, Бурабай аудандары және Көкшетау қаласы аумағында тіркелді.
«Облыста Сандықтау ауданы кене инфекциясының табиғ ошағы болып табылады. Өткен жылы бұл ауданда 3 кене энцефалиті тіркелді. Бурабай ауданында 2 кене энцефалиті және 1 кене боррелиозы анықталды», — деді ведомстводан.
Мамандардың айтуынша, кене шағу науқаны сәуірден қыркүйек айына дейін жалғасады. Кене орман ішінде ғана емес, шөбі бар қала саябақтары мен скверлерінде де кездеседі.