Американың вакциналау қарқыны төмен штаттарында балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары едәуір көбейді. Жұқтырғандардың көбін ауруханаға жатқызу қажет, күннен-күнге көбейіп жатқан балаларды өкпені жасанды желдету аппаратына қосу керек болып отыр. Балалар арасындағы жұқтыру жағдайларының күрт өсуі жаңа оқу жылының басталуымен тікелей байланысты. Америка мектептерінде оқу жылы тамыздан басталады. Ата-аналар мектептерде маска тағу режимін енгізбегені үшін губернаторларды сотқа беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат 1tv.ru сайтына сілтеме жасап.
Жасөспірімдер оқу жылын мектепте емес, ауруханаларда бастап жатыр. Көп штаттарда, әсіресе Флорида штатында балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары күрт өсуде. Олар ауыр жағдайда ауруханаларға түсуде, ӨЖЖА-ға қосу қажеттілігі туындап жатыр.
«Пандемия басталған кезге қарағанда қазіргі кезде коронавирус балаларға қауіп төндіріп тұр», — деді Флорида ауруханасының дәрігері Кеннет Александр.
Американың педиатрия қызметінің дерегінше, вакциналау қарқыны төмен штаттардағы жағдай аса ауыр. Флорида, Айдахо, Алабама, Миссисипи, Канзас штаттарында коронавирустың «дельта» штамы тез тарауда.
«Канзаста соңғы айлары 12 жастан төмен балалар арасындағы вирус жұқтыру жағдайлары 690%-ға өсті. Жансақтау бөлімдеріндегі науқастардың саны 275%-ға артты. Олардың 20%-ы – 12 жастан төмен балалар», — деп мәлімдеді педиатор-инфекционист Хосе Ромеро.
Ата-аналардың айтуы бойынша, көп жағдайда аурудың барысын болжау мүмкін емес.
«Басында ұлым жеңіл формада ауырған. Одан кейін оның жағдайы тез нашарлап кетті. Бұл қатты алаңдатады, себебі әрі қарай не күтеріңді білмейсің», — деді ауырып жатқан баланың әкесі Хуан Заяс.
«Нью-Йорк Таймс» басылымының жазуынша, балалардың арасында «созылмалы COVID» белгілері байқалады. Аурудың белгілері қайта бастағаннан кейін екі апта немесе бірнеше айдан кейін қайтадан оралып жатады. Кейбір симптомдар ми шайқалу салдарына ұқсайды.
Мысалы, кейбір балалар физикалық белсенділіктен кейін тез шаршап қалып жатады. Кейбір науқастардың басы айналып, жүрек соғысы жиілейді. Консерватор губернатор-республикалықтар өз өңірлерінде мемлекеттік мекемелерде бөлек заңдармен маска тағуды міндеттеуге тыйым салды.
Мысалы, күнделікті жұқтыру жағдайлары бойынша антирекорд тіркеліп отырған Флориданың губернаторы салынған тыйымға қарсы шыққандарды жалақысынан айырамын деп қорқытқан. Мұғалімдермен қоса ата-аналар да наразы – Флорида мен Канзаста өңір басшыларын сотқа берді.
«Саяси ойындарды ойнауды қойып, пандемия кезінде біздің балаларымыздың өмірлерін қауіпке тігуді қою керек», — деді Вероника МакЛейн.
Маска тағу режимін құптайтындар Барак Обамаға да тиісті. Бұрынғы президент өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтпек болған. Алайда әлеуметтік желіге маскасыз көңіл көтеріп жүрген жүздеген қонақтардың бейнежазбалары тарап кетті. Эпидемиологтар толық вакциналау алған тұрғындарды да маска тағуға шақырды. Екпе жасап үлгермегендерге вакцина салдыруға кеңес берілуде.
АҚШ-тың бас инфекционисінің айтуынша, жаппай вакциналау пандемияның пессимистік сценарийінің алдын алудың бірден бір тәсілі. «Вирусқа көбеюге мүмкіндік беріп отыратын болсақ, не болады? Болжам бойынша, вакцинаны да елемейтін жаңа мықты штамм тууы мүмкін», — деді АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи.
АҚШ-тық БАҚ басты COVID-диссидент деп атаған Дональд Трамптың өзі FOX телеарнасына берген сұхбатында америкалықтарды екпе салдыртуға шақырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат