Пятница, 3 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыМонополияға қарсы орган хабарламасынан кейін ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын 9% арзандатты

Монополияға қарсы орган хабарламасынан кейін ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын 9% арзандатты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешендеріне баға 2021 жылдың 17 тамызынан бастап төмендетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, BI Group Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4%-ға дейін төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төмендетілетін бағаның негізділігіне талдау жүргізе отырып мұндай мәлімдемемен келіспеді.

Нәтижесінде, монополияға қарсы органның хабарламасын орындау аясында BI Group 2021 жылдың 17 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үйдің бағасын орта есеппен 8% — ға (4 ТК — стандарт класс, 25 – комфорт, 19 — бизнес, 3 – премиум-класс), Алматыда 24 тұрғын үй кешенінде 11 %-ға (1 ТК – стандарт-класс, 12 — комфорт, 8 — бизнес, 3 – премиум-класс), Атырауда 2 тұрғын үй кешенінде 4%-ға (2 ТК — комфорт-класс) Шымкентте 1 тұрғын үй кешенінде 3% — ға (1 ТК — бизнес-класс) төмендетеді.

Барлық тұрғын үй кешендері бойынша бағаның төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды құрайды, төмендеу диапазоны – бір шаршы метріне 10 000-нан 125 000 теңгеге дейін. Мысалы, елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі ауданы 85 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің бұрынғы бағасы 34,3 млн теңге болса, баға төмендетілгеннен кейін 31,7 млн теңгеге түсті. Бағалары төмендетілген тұрғын үй кешендерінің тізімі қоса беріледі.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, талдау жүргізу барысында бірқатар компанияның тұрғын үй бағаларын белгілеу және ұстап тұруға қатысты келісілген іс-қимыл белгілері анықталды. Олардың қатарында «BAZIS – A», «BI Group» холдингтері, «РАМС-Қазақстан» компаниясы бар. Қазіргі уақытта BAZIS-A және РАМС-Қазақстан Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасын төмендетті.

Маңызды: егер сізге BI Group кеңселерінде тізімде көрсетілген тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді төмендетілген бағалар бойынша сатудан бас тартылған жағдайда бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне dkzrk.kense@azrk.gov.kz электрондық мекенжайы немесе 8 (7172) 65-16-86 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...