Понедельник, 3 февраля, 2025
ЖаңалықтарОқырман хатыАбылай хан даңғылындағы қираған жарық шамдары қашан жөнделеді

Абылай хан даңғылындағы қираған жарық шамдары қашан жөнделеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мен Көкшетау қаласының тұрғынымын, осында туып өстім. Сүйікті қаламыз жылдан-жылға көркейіп келеді. Дегенмен, сонда да әлі де күрмеуі қиын, шешілуі тиіс мәселелер баршылық. Кей көшелердегі жол мен ауызсудың сапасы сың көтермейді. Жаңадан  салу үшін уақыт және қаржы қажет, оны түсінеміз. Ал, қолда барын күтіп ұстау мәселесіне неге назар аудармайыз?

Мәселен, Абылай хан даңғылындағы көшенің екіжағындағы жаяулар жолында жарық шамдары қираған, тіпті, кейбірінің бағанасы қисайып түбірімен құлағалы тұр. Осыны көргенде ішің аурады. Көкшетау ешкімге керек емес қала сияқты. Ол аздай Абылай хан көшесінен тұрғын үйлердің ауласына кіре берістегі жолдар ойық-ойық, тұрғындардың жүріп тұруына кедергі. Тұрғындардың өмір сүру сапасына әсер ететін осындай мәселелерге неге жауапкершілікпен қарамаймыз? Қала әкімі қайда қарап жүр? Неге осы мәселені шешу үшін Бауыржан Ғайса қарамағындағыларға тапсырма бермейді?!.

Базарбай Рақымжанов, Көкшетау қаласының тұрғыны.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...

Батырлық салты – ұрпақ сабақтастығы

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған...

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы концерт берді

«Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының мобильдік тобы Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылын мерекелеу аясында «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да концерт берді. Шара барысында кәсіпқойлығы мен өңірдің дамуына...

Тексеріс нәтижесінде 8 азаматтың құқықтары проактивті түрде қалпына келтірілді

2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын,...

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...