Қазгидромет 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен сенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек оңтүстік пен батыста, антициклон жотасының әсерімен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, түнде шығыста, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, батыс және оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, солтүстік-батысында найзағай, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: ҚазАқпарат