Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаАқмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен кездесті. Үкімет өкілдері елдің салық заңнамасына енгізілуі мүмкін түзетулерді таныстырды. Ақмола облысының кәсіпкерлері салық реформасы туралы өз көзқарастарын ұсынып, бизнес-бастамаларын табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзгерістерге қатысты пікірлерін білдірді.

Дәурен Темірбеков Үкіметтің ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемелері бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

«ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылады, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді салықтан толығымен босату жоспарлануда. Бірқатар салалар үшін аралық мөлшерлемені 10% енгізу қарастырылуда. Осылайша, үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемелерінің саралануы: 16%, 10%, 0% — салықтан босату», – деді вице-министр.

Сондай-ақ кездесуде ҚҚС бойынша есепке қоюдың қолданыстағы шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылды. Салалық қауымдастықтардың өкілдері салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдірді. Ұсыныстардың көпшілігі ауыл шаруашылығы саласына, білім беру және бөлшек сауда секторларына қатысты болды.

«KazBeef Processing» ЖШС директоры Азамат Орынбаев жұмыс тобына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге салық салудың өз нұсқаларын ұсынды.

«Бірінші нұсқа: бағдарламаны арнайы шот арқылы жаңғырту, онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операциялық қызметке және инфрақұрылымға есептелген ҚҚС-ты пайдалана алады, сондай-ақ ет комбинаттары ҚҚС-тың 100% және КТС-тың 70% жеңілдігін пайдалана алады. Екінші нұсқа: ҚҚС бойынша жеңілдікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына емес, ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолдану. Осылайша, ҚҚС төлеу бойынша жауапкершілік түпкілікті сатып алушыға жүктелмейді», – деп атап өтті кәсіпкер.

Сонымен қатар, кәсіпкер ұсынылған реформаның күшті және әлсіз жақтарын көрсететін SWOT-талдау жасады. Ақмола кәсіпкерлері Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін қайта қарауды сұрады. Олардың пікірінше, бұл тізімге мектепке дейінгі және қосымша білім беру мекемелері де енгізілуі тиіс. Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық туризм және экология комитетінің төрағасы Қайрат Сұлтанов салықтық жеңілдіктер барлық әлеуметтік салаларды қамтуы қажет екенін атап өтті.

«Балалар лагерлері жылына небәрі 2,5 ай ғана жұмыс істейді. Президент туристік саланы, оның ішінде балалар туризмін дамыту қажеттілігі туралы бірнеше рет айтты. Үкімет денсаулық сақтаудан бөлек, әлеуметтік салаларды қолдау мүмкіндігін қарастыруы тиіс деп санаймын», – деді Қайрат Сұлтанов.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бір пікірге келді. Олардың басым көпшілігі салық мөлшерлемесінің кез келген өзгерісі негізді болуы керек, ал халыққа оның неліктен таңдалғанын түсіндіретін нақты есептеулер ұсынылуы тиіс екенін айтуда. Бұл ұстанымды орталық ведомстводан келген өкілдер де қолдады.

«Сіздердің ұсыныстарыңызды назарға аламыз. Бұл мәселе Мәжілісте қаралып, сессия соңына дейін талқыланады», – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Еран Сағнаев.

Айта кетейік, кәсіпкерлердің барлық ұсыныстары Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орталық аппараты арқылы Қаржы министрлігіне жазбаша түрде жолданды.

«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі мен ҚҚС бойынша есепке қою шегі білікті сарапшылардың, кәсіпкерлердің, бизнес-талдаушылардың және депутаттардың пікірлерін ескере отырып, жан-жақты сараланып қабылдануы тиіс», – деп қорытындылады ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...