Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысының «Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ол облыс кәсіпкерлерінен өз өкілеттігінің аясына кіретін шешім қабылдағаны үшін ірі мөлшерде пара алды деп күдіктенді.
А.ж. 14 тамызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.