Біржан сал ауданы прокуратурасының талдау нәтижелерімен, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру кезінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін талаптарды негізсіз асыра бағалау бөлігінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды.
Мысалы, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, гранттар беру туралы шарттарда 5 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның талабы бойынша бизнес-идеяларды іске асыру туралы ақпарат пен құжаттарды беру туралы міндеттемелер белгіленді. Алайда талаптарда тоқсан сайын ғана белгіленген.
Қадағалау ақтісі бойынша, 6 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, шарттарға қосымша келісімдер жасасу арқылы 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысының прокуратурасы.