Суббота, 19 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі қызметінің қорытындысы бойынша брифин өтті.

Спикер атап өткендей, мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша аталған кезеңде Департаментпен 6 тексеру іс-шарасы өткізілді, көрсетілетін қызметті алушылардың 148 өтініші қаралды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 315 көрсетілетін қызметті алушының құқықтары қорғалды.

Мысалы, Департаменттің ұйғарымдары негізінде әкімдіктер мен 3 фермер қожалығы арасында ауданы 15000 гектар ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру шарттары ұзартылды, бұл кәсіпкерлерге жалға алудың жаңа мерзімінде шамамен 2 миллиард теңге сомаға кіріс алуға және 10 жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан бақылау қорытындысы бойынша инвесторға 5 миллиард теңгеден астам сомаға бөтелкедегі ауыз су өндіретін зауыт салу үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру бойынша жер учаскесі берілді.

Осыған дейін ақпараттық жүйелердегі ақаулар себебінен көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуден бас тартылған 187 азаматқа Департамент тексергеннен кейін мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сондай-ақ Департаменттің тексеру іс-шараларының нәтижесінде 84 азаматқа жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

41 көрсетілетін қызметті алушының құқықтары ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы қашықтықтан мониторинг жүргізу барысында проактивті форматта қалпына келтірілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабы бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 275 240 теңге сомасында барлық айыппұлдар өндірілді.

Мемлекеттік қызметтер саласындағы бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 16 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 9 — басшы лауазымдарды атқаратын тұлғалар.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...

Ақмола облысында 88 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 65,3% әйелдер

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың І тоқсанындағы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі...