spot_img
spot_img
8.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысында 4 мыңнан астам шетелдік әкімшілік заңнаманы бұзған

Ақмола облысында 4 мыңнан астам шетелдік әкімшілік заңнаманы бұзған

-Жарнама -spot_img

2022 жылы Ақмола облысы ПД көші – қон қызметі басқармасында 15 мыңнан астам шетелдік азамат тіркелген, оның ішінде ТМД елдерінен -14 250 және алыс шетелдерден-828.

Полиция қызметкерлері уақытша тұруға арналған рұқсат негізінде шетел азаматтарының облыс аумағында болуына және шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін сақтауына бақылау жүргізуде.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін алыс және жақын шетелдердің 2 464 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, әкімшілік заңнама тәртібімен 279 шетелдік азамат заңнама талаптарын бұзғаны үшін республика аумағынан шығарылды.

Бұдан басқа, өткен жылы шетелдіктерді уақтылы есепке қоймай қабылдаған 1295 адамға айыппұл салынды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша жұмыс берушілерге қатысты 177 әкімшілік хаттама жасалды.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені және өңір аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін барлығы 7 қылмыстық іс қозғалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img