Home Оқиға Адам және заң Ақмола облысында 48 мектепте санитарлық талаптардың сақталмауына жол берілген.

Ақмола облысында 48 мектепте санитарлық талаптардың сақталмауына жол берілген.

0

«Білім туралы» Заңға сәйкес білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруларын болдырмау, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, прокуратура үй-жайларды қосымша жасанды жарықтандыру ретінде құрамында сынап буы бар люминесцентті лампалар негізіндегі жарық аспаптары пайдаланылатын жалпы білім беретін мектептерде қауіпті қалдықтарды қолдану, сақтау және кәдеге жарату кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады.

Санитариялық қағидаларға сәйкес жанып кеткен жарықтандыру шамдарын уақтылы ауыстыру көзделген, бұл ретте пайдаланылған құрамында сынабы бар шамдарды қоқыс жинағыштарға шығаруға жол берілмейді.

Пайдаланылған құрамында сынабы бар шамдарды сақтау және кәдеге жаратуға жіберу объект басшысының бұйрығымен жауапты адамға жүктеледі.

Пайдаланылған шамдарды шығару мен кәдеге жаратуды қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйымдар жүргізеді.

Сонымен қатар, талдау жалпы білім беретін мектептерде құрамында сынабы бар шамдарды сақтау және кәдеге жарату жөніндегі талаптар толық көлемде сақталмайтынын, атап айтқанда олар тиісті түрде және тиісті емес жерлерде сақталғанын көрсетті.

21 мыңнан астам оқушы білім алатын 48 мектепте санитарлық талаптардың сақталмауына жол берілген.

Талдау нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, көрсетілген салада анықталған заң бұзушылықтар жойылды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.