Сейсенбі, Наурыз 19, 2024
-0.4 C
Kokshetau
-0 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында 9 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ақмола облысында 9 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Ақмола облысында 2022 жылы 9 386 565 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл ретте электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 8 868 585 немесе 94,5% құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер өз баяндамасында Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.

Спикердің айтуынша, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру аясында Департамент 2022 жылы 104 тексеріс жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 917 438 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 хаттама жасалды. Мемлекеттік қызметтер саласындағы бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 38 лауазымды тұлға тартылды.

«190 өтініш қаралды. 38 өтініш бойынша өтініш берушілердің дәлелдері өз растауын тапты. Қалпына келтірілген құқықтардың үлесі 100%» – деп мәлімдеді Д.Әбілев.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша Департамент қызметінің қорытындылары келтірілді. Әдеп жөніндегі кеңестің 11 отырысы өткізіліп, онда 75 мәселе қаралды, бұл ретте қаралған мәселелердің 59%-ы профилактикалық сипатта болды. 31 тәртіптік іс қаралды, оның қорытындысы бойынша 13 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қолданыстағы заңнаманы бұзудың 479 фактісі анықталды, заң бұзушылықтарды жою туралы 32 ұйғарым енгізілді. 11 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...

«Creative Open-space Nauryz» жобасының салтанатты ашылуы өтті

«Наурыз – халқымыздың нағыз рухани және еңбек мерекесі. Бұл күн ежелден-ақ ынтымақ пен ырыс мейрамы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символына айналуы тиіс», деп...

Президент Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform. «Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып,...

Ақмола облысында Ұлы мереке – Наурыз мейрамы жаңаша, ерекше нақышта тойланады

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады. 14 наурыз – «Көрісу күні» («Амал»...