Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметАқмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру — бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі.

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап 6 айдан кешіктірілмей қайта даярлауға, 3 жылда бір реттен сиретпей біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі. Сондай-ақ, егер мемлекеттік қызметші жыл қорытындысы бойынша «функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» деген баға алған жағдайда біліктілікті арттырудан бағалау нәтижесі жарияланған күннен бастап 3 ай ішінде өтеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2024 жылдың 9 айы ішінде 949 мемлекеттік қызметші оқытылды. Атап айтқанда біліктілікті арттыру курстарынан 825 мемлекеттік қызметші, қайта даярлау курстарынан 124 мемлекеттік қызметші өтті.

Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқытудың жаңа белсенді формалары мен әдістері қолданылатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар 130 мемлекеттік қызметшінің тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 189 қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалып, 105 адам сынақ мерзімінен сәтті өтті.

Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасады.

Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...