Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, бұл екпе салу жоспарланған адамдардың 12,7 пайызы. Санатқа бөлгенде 39 жүкті әйел, 2133 медициналық қызметкер, 381 медициналық бақылауға алынған балалар, 89 ата-анасыз ұалған жетімдер, 743 медициналық-әлеуметтік көмек алушылар, 2767 жүрек-қантамырлары жүйесімен ауратындар, 3458 эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұлғалар.
Ведомстводан атап өткендей, 2020 жылдың қыркүйектің 15-нен бастап, Ақмола облысында тұмауға қарсы екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта жергілікті бюджет есебінен 13 миллион 962 мың теңгеге 16,1 мың ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынған. Бұл вакцина тұмаудың А және В түрлеріне қарастырылған.