Пятница, 3 января, 2025
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАқмола облысында "Ақбөкен" республикалық акциясы басталды

Ақмола облысында «Ақбөкен» республикалық акциясы басталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақбөкендердің популяциясын сақтау және браконьерлік фактілерінің жолын кесу мақсатында 15 сәуірден бастап өңір аумағында «Ақбөкен» кең ауқымды республикалық акциясы басталады.

Акция барысында тұрғындар, соның ішінде табиғат пайдаланушылар арасында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қорғау және күзету мақсатында бір ай бойы рейдтік іс-шаралар өткізілетін болады.

2022 жылдың басынан бері бірлескен іс-шаралар аясында табиғат қорғау заңнамасы саласында 139 құқық бұзушылық анықталды. Аң аулау ережелерін бұзу бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

«Ақбөкендерді заңсыз аулау, олжалау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау үшін мүлкін тәркілей отыра 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілігі қарастырылған», — деп хабарлады ПД ЖПҚБ ППТ аға инспекторы майор В.Серкина.

«Ақбөкен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмегеніне қарамастан, оны қазір аулауға толық тыйым салынған және 2023 жылға дейін оны атуға мораторий жарияланған жануарлар түрлеріне жатады», — деп хабарлады департаменттің табиғатты қорғау полициясы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...