spot_img
- Жарнама -spot_img
23.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысында адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

Ақмола облысында адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде учаскелік полиция инспекторы капитан Бекзат Туляпов маршруттық автобус жүргізушісін өлтіруге оқталған күдіктіні анықтап, ұстады. Жәбірленушіден арыз Аршалы АПБ кезекші бөліміне 27 шілде күні кешкі сағат 23:12 түсті.

47 жастағы жүргізуші кешкі сағат 22 шамасында Жібек Жолы кентінде автобус аялдамасында жолаушыларды күту кезінде маршруттық автобусқа белгісіз ер адам кіргенін, мас күйде болғанын және себепсіз оған пышақпен соққы жасауға тырысқанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу келген учаскелік инспектор капитан Бекзат Туляпов қаскүнемді жеке тергеумен анықтап, ұстады және күдіктіні жедел-тергеу тобына берді.

Күдікті 68 жастағы Жібек Жолы кентінің тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер: пышақ пен бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-24-бабының 3-бөлігі-99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img