Қыркүйектің 23-24 күндері аралығында өтіп жатқан акция жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Акция кезінде түнгі уақытта жол патрульдік полициясы жасағы, көліктік бақылау инспекторлары және қоғам өкілдерінен құралған мобилдік топ күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ержесінің бұзылуын алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларға 1000-нан астам жадынама таратты. Ал, жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникаларының жүргізушілеріне 20-дан астам жарық шағылыстыратын элемент үлестірілді.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.